Глубокое әкімі жұмыс сапарымен Уваров ауылына барды
Глубокое ауданының әкімі Ерлан Аймұқашев Уваров ауылына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Аудан әкімі түрлі сүт өнімдерін өндіретін «Восход-Молоко» кәсіпорынына барды.
«Жұмыс сапарымен Уваров ауылына барып, «Восход-Молоко» ЖШС-ны аралап көрдім. Кәсіпорын басшысы Евгений Псарев өндіріс барысымен түгел таныстырды. Жергілікті шаруа қожалықтарынан сүт жинап, дайын өнімді шығарғанға дейінгі үрдісті толық бақылап көрдік. Өнімдер барлық жоғары стандартқа сай», – деп жазды Ерлан Аймұқашев Instagram парақшасында.
Аудан әкімінің айтуынша, кәсіпорын алдағы уақытта өндіріс көлемін ұлғайтып, заманауи жабдықтарды алдуы жоспарлап отыр.