KZ
Өскемен
+21°
переменная облачность жел 2 м/с, С
439.4 473.54 4.76

Оқушылардың жазғы демалысы қашан басталады?

14.04.2020, 06:21 226

Қазақстанда оқушылар жазғы демалысқа 25 мамырдан бастап шығады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Білім және ғылым министрлігінің ақпараты бойынша, 4-8 мамыр аралығында оқушылар бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ), 18-22 мамыр аралығында – тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырады (ТЖБ).

25 мамырда жазғы демалыс басталады.

Қазақстанда коронавирус пандемиясы кезінде оқушылар төртінші тоқсанды қашықтықтан оқып жатқанын еске саламыз. Соңғы тоқсанда жиынтық бағалауды бір реттен тапсырады. Қорытынды аттестациялық емтихандар өткізілмейді. Аттестатқа жылдық қорытынды бағалар қойылады екен.

Ал биылғы ҰБТ тапсыру мерзімі өзгеріссіз қалып отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив