Коронавируспен күрес штабы өскемендіктерден үйден шықпауын сұрайды
Өскемен қаласының аумағында шектеу шаралары енгізілген. Бұл карантин деп жарияланбағандықтан, кейбір қала тұрғындары қойылған талаптарды орындамай жатыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Бүгін қалада дүкенге, дәріханаға немесе жұмысқа шығуға рұқсат етілген. Бірақ кейбір тұрғындар қонаққа бару, серуендеу деген секілді себептермен көшеге шығуын тоқтаған.
Осыған байланысты коронавируспен күрес штабы Өскемен тұрғындарын ақылға шақырып, мүмкіндігінше үйде қалуларын сұрайды:
- Төрт қабырғада қамалып отыру қиын екенін түсінеміз. Әсіресе, көктем кезінде. Қалада серуендегенді, табиғатқы шығып демалғанды, туыстарымызбен, достарымызбен кездескенді барлығымыз да ұнатамыз. Сол күнге тезірек жету үшін барша әлемнің алдында тұрған сынақпен күресуіміз қажет. Біздің басты қаруымыз, басты мәндетіміз – бұл оқшаулану. Үйде қалу арқылы біз өзімізді де, басқаларды да қауіптен сақтаймыз: себебі көп адам өзінің вирусты таратушы екеніән білмеуі де мүмкін.
Штаб қызметкерлері қалыптасқан жағдайға түсіністікпен қарап, жақындарының денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін шыдамдылық танытуға шақырады.