KZ
Өскемен
-9°
пасмурно жел 3 м/с, З
512.83 600.58 6.36

Бақылау бекетінен пара беріп өткендер жазаланады - Антикоррупция

7.04.2020, 04:58 805

ШҚО бойынша Антикоррупция қызметі Өскемен мен Семей тұрғындарын бақылау-өткізу бекеттеріндегі қызметкерлерге пара бермеуге үндеді.

"Құрметті шығысқазақстандықтар! Сіздерді азаматтық жауапкершілікті аттамауға, бақылау-өткізу бекеттеріндегі қызметкерлерге пара бермеуге үндейміз. Бекеттерден пара беріп өткен адам, ҚР заңына сәйкес, коррупциялық қылмыстық жауапқа тартылады", - делінген аталмыш мекеменің үндеу-хатында.

Пара алу-пара беру жағдайына куә болған жағдайда 1424 (Антикоррупция қызметінің) нөміріне хабарласуға болады.

Айта кетейік, төтенше жағдайға байланысты Өскемен мен Семейге кіріп-шығатын барлық жолға бақылау-өткізу бекеті қойылған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу