KZ
Өскемен
+1°
небольшой снег жел 8 м/с, Ю
491.71 529.97 5.05

Семейдің бұрыңғы бас сәулетшісі пара алу бойынша жауапқа тартылды

21.02.2020, 07:01 139

Семей  сәулет және қала құрылысы бөлімінің бұрыңғы басшысы Бақтияр Сәлімов пара алу қылмысы бойынша жауапқа тартылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Шенеуніктің жүйелі түрде пара алып отырғаны белгілі болды. Оған қатысты тергеу амалдары өткен жылдың күз мезгілінде басталған еді.

ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің ақпараты бойынша, Бақтияр Сәлімов 2019 жылдың қыркүйек-қазан айларында экскиздік жобалар мен үлгілерді бекіту үшін кәсіпкерлерден пара алып отырған.

Шенеунік өз кінәсін мойындаған. Сот шешімі бойынша, қаланың бұрыңғы бас сәулетшісіне 8 миллион 785 мың теңге көлемінде айыппұл салынып, мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айыру жазасы тағайындалды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив