KZ
Өскемен
-13°
плотный туман Штиль
498.55 524.28 4.75

ШҚО-да кеден қызметкерлері қамауға алынды

16.04.2020, 08:28 123

ШҚО-да кеден органдарының қызметкерлері қамауға алынды. Оларға төтенше жағдай кезінде халыққа қажетті тауар өткізген бизнесмендерден пара алды деген айып тағылып отыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- Халықты қажетті тауармен қамтамасыз етуге байланысты атқарылған кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіру фактілері бар. ШҚО Мемлекеттік кірістер департаментіне қарасты кеден органдарының бірқатар лауазымды тұлғаларының жүйелі түрде кәсіпкерлерден пара алып отырғаны белгілі болды. Олар бақылау-өткізу посттарында тауарды кедергісіз өткізу үшін пара беруді талап еткен, - деп мәлімдеді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Аппарат басшысы Қуаныш Жапақов.

Сондай-ақ, Аппарат басшысы Семей қаласындағы кәсіпкерлік бөлімінің бас маманына қатысты тергеу жұмысы туралы да айтып өтті.

- Төтенше жағдай кезінде ол Семей қаласында шектеусіз жүру үшін көлік құралдарына арналған бес рұқсат қағазын беріп, 25 мың теңге көлемінде пара алған, - деді Қуаныш Жапақов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу