Өскеменде полиция қызметкері жүргізушіден пара алмай қойды
Өскеменде полицияға пара берген жүргізушіге қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Оқиға 5 қарашада Малдыбаев көшесінде болған. Маневр жасау кезінде ереже бұзған Камаз көлігінің жүргізушісін тәртіп сақшылары тоқтатады. ШҚО ПД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, 64 жастағы жүргізуші полиция қызметкеріне екі мың теңге көлемінде пара бермек болыпты.
Енді пара берген жүргізушіге қатысы қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Оқи отырыңыз