Өскеменнің еріктілері бекеттердегі қызметкерлерге шәй құйып берді
Өскеменде 15 волонтер бақылау-өткізу бекеттеріндегі қызметкерлерге ыстық шәй мен бауырсақ апарды. Акцияны қаланың жастары ұйымдастырған.
– Полиция, медицина және әскери қызметкерлеріміздің мойынында ауыр жүк тұр. Олар біздің аман-саулығымызды қалай күзетіп тұрса, біз де оларға қолдау білдіруіміз керек. Біз оларға бекеттерде қас қақпай тұру соншалықты қиын екенін түсінеміз. Жан жылуымызды сыйлағымыз келеді, – дейді еріктілердің бірі.
Жастар бұл эстафетаны Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы замандастарына жолдайтынын айтты.
Еске сала кетейік, елдегі төтенше жағдайға бацланысты 2 сәуірден бастап Өскемен мен Семейге кіріп-шығатын барлық жолға бақылау-өткізу бекеттері қойылған.