KZ
Өскемен
-39°
туман Штиль
512.16 594.72 6.57

Кімдерге маска тағудың қажеті жоқ – министр жауабы

4.08.2020, 04:35 434

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой кімдерге маска тағудың керегі жоқ екенін айтты.

"Қоғамдық орындарда, ғимараттарда, қызмет көрсететін, демалатын және ашық қоғамдық орындарда маска тағу міндетті. 5 жасқа дейінгі балаларға, бес адамнан аспайтын жеке немесе топта спортпен шұғылданатындарға, медициналық жағынан карсы көрсетімі бар адамдарға маска тағудың керегі жоқ", - дейді министр үкімет отырысында.

Сонымен қатар, ол далада және ашық қоғамдық орындарда арақашықтықты сақтаған кезде маска тағудың керегі жоқ екенін атап өтті.

Айта кетейік Қазақстанда 92 662 адам COVID-19 жұқтырды. 62 511 науқас жазылды, 1 058 адам қайтыс болды.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу