KZ
Өскемен
-8°
туман Штиль
498.51 522.84 4.81

ШҚО-да тәулігіне 100 мың медициналық маска өндіріледі

17.03.2020, 04:10 112

Шығыс Қазақстан облысы он бес күн ішінде маскамен толық қамтылады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Өңірде медициналық маскалар өнідіріс жолға қойылды. Тігін кәсіпорындары тәулік бойы жұмыс істейді.

«Біз тәулігіне 100 мың маска шығаруды жоспарлап отырмыз. Осылайша 15 күн ішінде біздің облысты толық қамтамасыз етеміз. Кәсіпорындарға аз ғана уақыт ішінде 6 миллион дана маска шығару міндеті жүктелді. Шикізат мәселесі шешілді. Өндірістің негізгі көлемін Семей қаласының тігін компаниялары орындайды. Жалпы облыстың он кәсіпорынымен келісімшарт жасалды. Бүгінгі күннен бастап (16 наурыз) олардың барлығы тәулік бойы жұмыс істейді», – деп жазды ШҚО әкімі Даниал Ахметов Instagram-да.

Аймақ басшысының айтуына қарағанда, 100 мың маска бюджеттік ұйымдарға беріледі.

«Бірінші кезекте дәрігерлерге, полиция қызметкерлеріне, Ұлттық гвардия қызметкерлеріне, тәрбиешілер мен мұғалімдерге беріледі», – деп жазды облыс әкімі.

Қалған маскалар дәріханаларға бекітілген бағамен беріледі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу