Тауар сатып алу мен қызмет көрсету онлайн форматқа көшеді
Өскемен мен Семейде 70 жастан асқан адамдар мен I, II топтағы мүгедектер үшін азық-түлік пен бірінші қажеттіліктегі тауарларды қашықтан сатып алу және байланыссыз жеткізіп беру қызметі ұйымдастырылады.
Аталған тауарлардың төрт стандарт жиынтығы жасақталған: «Стандарт 1» – орташа бағасы 4200 теңге, «Стандарт 2» – орташа бағасы 6800 теңге, «Стандарт 3» – орташа бағасы 11 350 теңге, «Стандарт 4» – орташа бағасы 12600 теңге.
Тапсырыс аптасына бір рет және жиынтықта көрсетілген тауарларға ғана (басқасын қосуға немесе айырбастауға, алып тастауға болмайды) беріледі. Көрсетілген жиынтықтарға тек тұз (1 кг) қосуға болады.
Жеткізіп беру тегін. Тауар үшін төлем қолма-қол ақша немесе банк картасы арқылы жасалады.
Өтінім беру үшін аталған санаттағы адамдар төмендегі мәліметтерді айту керек:
* Тегі, аты, әкесінің аты
* Жеткізу мекенжайы
* Байланыс мәліметтері
* Төлем тәсілі
* Жеткізілетін тауарлардың тізімі (бірінші кезекте қажетті тауарлар тізіміндегі).
Өскеменде өтінімдер 109 қызметі арқылы тәулік бойы қабылданып, түзіледі. Жеткізіп беру күн сайын 8.00-ден 20.00-ге дейін жүзеге асырылады.
Семейде өтінім қабылдау мен жеткізіп беру қызметі күн сайын 7.00-ден 19.00-ге дейін 8 (7222) 521-212 телефон нөмірі арқылы жүзеге асырылады.
Егер Сіз аталған санатқа (70 жастан асқан зейнеткерлер мен I, II топтағы мүгедек) кірмейтін болсаңыз, тапсырысты http://Дукен.kz немесе CaII-орталықтың 8775-344-40-77 нөмірі арқылы бере аласыз.
Семей қаласының тұрғындарына жеткізіп беру қызметі «Дүкен Семей» сервисі арқылы 8 (7222) 521-212 телефон нөмірі бойынша жүзеге асырылады.
Жеткізіп беру қызметі ақылы.
Толық ақпарат алу үшін контакт-центрдің 1331 нөміріне, Call-орталықтың 8 775-344-40-77 нөміріне хабарласыңыз.