Риддерге коменданттық сағат енгізіледі деген ақпарат тарады
Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер қаласына коменданттық сағат енгізіледі деген ақпарат тарады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Қала әкімі Жомарт Мұратов тұрғындары арасында таралған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.
"Құрметті қала тұрғындары! Коменданттық сағатты енгізу туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Бүгінгі күнге дейін қаламызда коронавирус инфекцияны жұқтырған бірде-бір адам тіркелген жоқ", - деп жазды Риддер қаласының әкімі Жомарт Мұратов Instagram парақшасында.
Оқи отырыңыз