KZ
Өскемен
-12°
туман Штиль
498.34 519.72 4.85

Теңіздегі шетелдік жұмысшылар эвакуацияланып жатыр деген ақпарат жалған

2.07.2019, 03:09 135

«Теңізшевройл» ресми өкілі ССЕР  компаниясы жаңа зауыттың құрылысы аяқталғанға дейін жұмыс істейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Энергетика министрлігіне сілтеме жасап.

«Теңізшевройл» компаниясының үкімет және қоғаммен байланыс бөлімінің бас менеджері Рызабек Артығалиев брифинге хабарлағандай, әлеуметтік желілерде таралған ТШО мен ССЕР  мердігер компаниясының келісімшартты бұзғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды.

Ол журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, Теңіз кен орнынан шетелдік жұмысшылардың эвакуацияланып жатқаны туралы әлеуметтік желілерде видеосымен бірге тарап жүрген ақпараттың жалған екенін айтты. Артығалиев күн сайын Теңізде болатын вахта алмасу екенін нақтылады.

«Көптеген адам депортацияланды деген ақпарат тарап жатыр. Оның ішінде 780 азамат қытайлық екен деген мәлімет те жүр. Біздің Теңізде ешқандай Қытай компаниясы жоқ. Мұндай ақпараттың қайдан шыққанын білмеймін. Мұның барлығы өтірік. Кімді депортациялағанын мемлекеттік органдардан сұраңыздар. Бізде ондай ақпарат жоқ», - деп мәлімдеді Р.Артығалиев.

Сондай-ақ, болашақта кеңейту жобасында 25 мың адамның барын, оның ішінде бір мыңға жуығы - шетелдік азаматтар екенін атап өтті. 15 мың адам жұмыс істейтін негізгі өндіріс бар. Барлығы 40 мың адамды құрайды. Негізгі өндірісте жұмыс тоқтамағанын мәлімдеді.

Р.Артығалиевтың айтуынша, «Болашақта кеңейту жобасы» үшінші буын зауыты (БКЖ ҮБЗ) құрылыс алаңында уақытша жұмыс тоқтатылған. Олар таяу уақытта іске қосылады. ТШО-ның барлық өндірістік нысандары штаттық режімде жұмыс істеп тұр.

Р.Артығалиев ССЕР араб компаниясына қатысты мынаны мәлімдеді: «БКЖ ҮБЗ құрылыс алаңында 15-16 компания жұмыс істейді. Ал, ССЕР компаниясында 8 мың адам, соның ішінде 600 мыңнан астамы - шетелдік азамат. Ол ірі мердігерлердің бірі, ТШО аталған компаниямен 2018 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Жаңа зауыттың құрылысы аяқталғанға дейін жұмыс істейді».

Сонымен қатар, ол «Теңізшевройл» компаниясының өз қызметкерлерін Теңізден эвакуацияламағанын, олардың сонда жұмыс істеп жатқанын хабарлады. 29 маусымда қайғылы оқиғадан зардап шеккен 30-дан астам адам Атырауға жеткізілген.

«Ешкім құрбан болған жоқ, әлеуметтік желілерде тарап жатқан ақпараттың барлығы шындыққа жанаспайды. Оның бәрі жалған. Ешкім ауыр жарақат алған жоқ», - деп мәлімдеді Рызабек Артығалиев журналистерге берген сұхбатында. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу