KZ
Өскемен
+23°
переменная облачность жел 4 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Өскеменде 6 адам коронавирус жұқтырғандармен байланыста болған

24.03.2020, 08:10 211

Еgov порталында коронавирус жұқтыруы мүмкін адамдардың мекен-жайы көрсетілген карта пайда болды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Картада Өскеменде коронавирус жұқтырғандармен байланыста болған 6 адамның мекен-жайы көрсетіліп тұр.

«COVID-19 жоғары назардағы объектілер картасы» eGov порталында жуықта пайда болған еді. Қазақстандықтар коронавирус жұқтырғандардың және олармен байланысты болғандардың орналасқан мекен-жайын көре алады. Қызыл түспен вирус жұқтырғандар емделіп жатқан стационарлар белгіленсе, көк түспен науқастармен байланысқа түскен азаматтардың тіркелген орындары көрсетіледі. Вирус жұқтыруы мүмкін деген адамдар стационарда немесе үйде карантинде болуы мүмкін.

Картадағы мәліметке сүйенсек, Өскеменде науқастармен байланысқа түскен 6 адам тіркеліпті. Оның төртеуі қала аумағында болса, екеуі – Опытное поле ауданы мен Прапорщиково кентінде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив