KZ
Өскемен
-13°
облачно с прояснениями жел 1,3 м/с, В
498.55 524.28 4.75

ШҚО-да бомждарды оқшаулау бойынша жұмыстар қолға алынды

14.04.2020, 06:59 145

ТЖ кезінде үйсіз азаматтар коронавирус инфекциясын жұқтырып қана қоймай, оны таратуы да мүмкін. Осыған байланысты ШҚО-да бомждарды оқшаулау бойынша жұмыстар қолға алынды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- Адамдардың бұл санаты бейәлеуметтік өмір салтын ұстанады. Егер олар вирус көзімен байланысқа түссе, оны ары қарай таратып жіберуі мүмкін. Оларды эпидемия жағдайында оқшаулау мәселесі бас кезден қаралған. Қазір вирус жұқтырғандардың саны арта түскен соң, бұл жұмыстар белсенді түрде қолға алынды. Үйсіз азаматтар арнайы мекемелерге оқшаулануда, - дейді Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Әйгерім Нұрғазина.

Тұрғылықты мекен-жайы жоқ адамдарды оқшаулау жұмыстары олардың еркінсіз міндетті түрде жүргізіледі екен. Өскеменде үйсіз азаматтардың 179 адамға жетеді. Олардың ішінде 164 адам қазір Белоусовка кентіндегі Бейімдеу және бейәлеуметтендіру орталығына орналастырылыпты. Тағы 12 адам сот шешімі бойынша қабылдау-тарату мекемесіне орналастырылса, арасында туберкулезге шалдыққан үш адам тубдиспансерге жатқызылып, ем қабылдауда.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу