Covid-19: Өскеменде – 21, Семейде – 19...
Өткен тәулікте өңірде 58 адам коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Оның ішінде клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушылардың саны – 20, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің ақпаратына сүйенсек, 2 науқас бұрын ауырғандармен байланыста болған, 38 науқас өз өтініші бойынша тексерілген, ал қалған 18 адамнан аурудың алдын-алу мақсатында жүргізілген тексеру кезінде қауіпті вирус анықталған.
Қала-аудандар бойынша:
Өскемен – 21,
Семей – 19,
Глубокое – 4,
Алтай – 4.
Бородулиха – 3,
Бесқарағай – 3,
Шемонайха – 3,
Көкпекті – 1.
Қазір науқастармен байланыста болған адамдар анықталып, эпидемиологиялық және медициналық тексеру жүргізілуде. Ауру ошақтары дезинфекцияланды, – деп мәлімдеді департамент.