KZ
Өскемен
-3°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
519.61 610.13 6.54

Covid-19: Өскемен – 20, Семей – 20, Тарбағатай – 11...

13.08.2020, 04:39 1 018

Өткен тәулікте өңірде 85 адам коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Оның ішінде клиникалық белгілері бар науқастардың саны – 60. Ал қалған 25 адамның сырқаты симптомсыз болып шықты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Қала-аудандар бойынша:

Өскемен – 20.;
Семей – 20;
Тарбағатай ауданы – 11;
Курчатов – 7;
Глубокое ауданы – 6;
Алтай ауданы – 5;
Риддер – 5;
Бородулиха ауданы – 4;
Көкпекті ауданы – 3;
Бесқарағай ауданы – 2;
Аягөз ауданы – 1;
Ұлан ауданы – 1;
Үржар ауданы – 1.

Облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің ақпаратына сүйенсек, 8 науқас бұрын ауырғандармен байланыста болған, 55 науқас өз өтініші бойынша тексерілген, ал қалған 22 адамнан аурудың алдын-алу мақсатында жүргізілген тексеру кезінде қауіпті вирус анықталған.

Қазір науқастармен байланыста болған адамдар анықталып, эпидемиологиялық және медициналық тексеру жүргізілуде. Ауру ошақтары дезинфекцияланды, – деп мәлімдеді департамент. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу