Дәрігерлер коронавирустың жаңа белгілерін атады
Cингапур дәрігерлері коронавирустың жаңа белгілерін атады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі РИА Новости-ге сілтеме жасап.
Дереккөздің мәлімдеуінше, ғалымдар жүргізген зерттеу Lancet журналында жарияланған. Ондағы деректерге сүйенсек, коронавирус жұқтырғандардың кейбірі дене қызуының жоғарылап, бөртпелер пайда болғанын айтқан. Бірақ ол науқастар жөтелмеген және тамағы ауырмаған.
Сондай-ақ мамандардың зерттеуінде вирус жұқтырғандардың тыныс ала алмағаны айтылады. Қазіргі уақытта олар қосымша тексеріске жіберілген көрінеді.
Оқи отырыңыз