«Спутник V» вакцинасының тиімділігі 92% жетті
Ресейлік «Спутник V» вакцинасы коронавирустан 92%-ға жуық қорғайды. Сынақтың соңғы сатысындағы нәтиже The Lancet журналында жарияланды. Бұл туралы ҚазАқпарат BBC News агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ғалымдар бұл вакцина өзінің артықшылықтарын дәлелдегенін айтты.
Ол тиімділігі тексерілген «Pfizer», «Oxford / AstraZeneca», «Moderna» және «Janssen» сияқты вакциналардың қатарында.
Вакцина егілгеннен кейін адам ағзасында коронавируспен күреске бейімделген антидене пайда болады.
Вакцинаны -2, -8 градуста сақтауға болады. «Спутник V» вакцинасының басқа екпелердан ерекшелігі - оның екінші нұсқасы арада 21 күн өткен соң салынады.
Екі түрлі формуланы қолдану иммунитетті күшейтеді. Ол бір вакцинаны екі рет қайталап салғаннан жақсы. Вакцина өзінің қауіпсіз екенін дәлелдеді.
Вакцина қабылдағаннан кейін шаршау, аздап дене қызуы көтерілуі сияқты болмашы кері әсері болуы мүмкін. Екпе егілгендер арасында көз жұмған жағдай немесе қатты ауырып қалған жағдай тіркелген жоқ.
Аталған вакцина Ресейден бөлек Аргентина, Венесуэла, Венгрия, Иранда қолданылады.
The Lancet журналында вакцина коронавирустың симптомсыз түрімен ауыратындарға қалай әсер ететіні туралы туралы қосымша зерттеу жұмыстары жүргізілуі керектігі жазылған.