KZ
Өскемен
-1°
небольшой снег жел 3 м/с, З
504.49 587.73 6.57

Бүгін - Халықаралық әйелдер күні

8.03.2020, 02:05 467

Ашық дереккөздерге сүйенсек, әйелдер күні тарихта әйелдердің теңқұқықтық пен эмансипация жолындағы күресіндегі ынтымақтастық күні ретінде пайда болды. 1975 жыл — Халықаралық әйелдер жылы боп аталғаннан кейін, сол жылдан бастап БҰҰ ресми түрде наурыздың 8-ші күнін Халықаралық әйелдер күні етіп бекітті.

Бұл күн - Қазақстанда демалыс күні. 

Естеріңізге сала кетейік, ШҚО әкімі Даниал Ахметов өңірде тұрақты эпидемиологиялық жағдайды сақтау үшін 3 наурыздан бастап Шығыс Қазақстан аумағында көпшіліктің қатысуымен өтетін бұқаралық іс-шаралар тоқтатылатынын мәлімдеген.

"Қазіргі уақытта облыстың медициналық мекемелері қажетті құрал-жабдықтармен, дәрі-дәрмектермен толық қамтамасыз етілген. Бұған қоса, ауруханаларда арнайы оқу-жаттығулар өтуде. Сондықтан бұл сақтық шараларына түсіністікпен қарап, қорықпауға шақырамын!

Сонымен қатар, өзіміздің жергілікті кәсіпорындарда қорғаныс маскаларын жасау туралы шешім қабылданды. Тезарада 500 мың дана маска шығарамыз деген сенімдемін", - деді Даниал Ахметов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу