KZ
Өскемен
+10°
ясно жел 2 м/с, В
480.5 534.22 5.18

ШҚО-да үш жасар бала 9 жастағы апайын өртеп жібере жаздады

5.03.2020, 10:27 185

Оқиға Абай ауданының Құндызды ауылында болған. Күйіп қалған 9 жастағы қыз бала "101" арнасына өзі қоңырау шалған екен, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Өрт сөндіру бөлімі бұл ауылдан 70 шақырым жерде орналасқан. Сондықтан құтқарушылар алдымен ауыл әкімдігімен байланысқа шығып, оқиғаның рас орын алғанын нақтылауға мәжбүр болды. Өйткені 101 номеріне балалардан жалған қоңырау жиі түседі екен.

Әкімдік пен полиция қызметкерлері оқиға болған үйді іздеп тауып, өрт сөндіру бөліміне хабар берген.

ШҚО ТЖД ақпараты бойынша, сол күні үйде ата-аналары болмаған. Үш жасар ұл бала сіріңкемен ойнап отырып, абайсызда апайының үстіндегі киімін өртеп жіберген. Қыз бала әп-сәтте тұтана бастаған жалынды үстіне су құйып, өшіреді. Бұдан кейін ол өрт өндіру бөліміне қоңырау шалған екен. Қыз арқа тұсын термиялық күйік шалыпты. Ол Семей қалалық ауруханасына жеткізілді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив