«Жеңіске 75 күн». Өскеменде жасақталған дивизияның туын күтіп алды (ВИДЕО)
«Жеңіске 75 күн». Екінші дүниежүзілік соғыстың 75 жылдығына орай Қорғаныс министрлігі акция бастады.
Акция аясында әскери қызметкерлер облыс орталығының вокзалында 1942 жылы Өскеменде жасақталған 96-кавалерия дивизиясының туын күтіп алды.
Әскерилер туды қала көшелерімен алып өтті.
– Акция мақсаты – атаулы күнге ерекше көңіл бөлу, соғыс ардагерлеріне қажетті көмек көрсету, өскелең ұрпақты және қоғамды осындай іс-шараларға тарту, отандастарымыз, ата-бабаларымыз Ұлы Отан соғысындағы ортақ жеңіс үшін жасаған ерліктері туралы тарихи естелікке құрметпен қарауды қалыптастыру болып табылады, - деді майор Абзал Таждинов.
– Жеңіс күні жақындаған уақытты санай келе еліміздің барлық түкпіріндегі әскери қызметшілер әр түрлі формат пен көлемдегі іс-шаралармен айналысуда. Мәселен, ескерткіштерді, даңқ аллеяларын, әскери адамдар жерленген зираттарды тазалау және абаттандыру, сонымен қатар «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубтарының тәрбиеленушілерімен бірге ардагерлердің қал-жағдайын біліп, олардың тұрмыс-тіршіліктеріне көмек көрсету және тағы да басқалары, – деді Абзал Таждинов.