KZ
Өскемен
-4°
плотный туман жел 1 м/с, ОШ
485.04 525.98 5.04

Туыстарына бауырластар зиратынан топырақ табысталды - Өскемен

29.03.2021, 10:34 363

Өскемен гарнизонында Шығыс Қазақстанда құрылған 238 атқыштар дивизиясының жауынгерлері жерленген бауырластар зиратынан топырақты табыстау естелік іс-шара өтті.

Іс-шараға бауырластар зиратына жерленген жауынгер Василий Кулькиннің туыстары, облыс әкімдігінің, ШҚО қорғаныс істері жөніндегі департаменті, «Nur Otan» партиясының және «Жас Отан» жастар қанатының өкілдері мен №4 орта мектебі  «Жас Сарбаз» сыныптарының оқушылары қатысты.

Іс-шара барысында Ұлы Отан соғысындағы шығыс қазақстандықтардың тарихы мен ерліктеріне тоқталып, уақыттың бізге Ұлы Отан соғысы тарихының жаңа беттерін ашқаны туралы айтылды. Ұрыс орындарындағы іздестіру жұмыстары 80 жылдан кейін сол сұрапыл соғыста қаза тапқан және хабар-ошарсыз кеткен жерлестерімізді еске салды.

238 атқыштар дивизиясының шығыс қазақстандық жауынгерлері жерленген бауырластар зиратынан топырақ тапсыру салтанатында қаза тапқан жауынгер Василий Кулькиннің туыстары – немересі Александр Кулькин мен Александр Хоботов болды.

-      Ұлы Отан соғысының зардабын тартпаған бірде-бір отбасы жоқ. Соғыс жылдары және соғыстан кейін халық шаруашылығы қалай болды, оны көбіңіз білмейсіздер. Қайта бәрін көтеру соншалықты қиын болды, тіпті соғыстан кейін де көптеген жылдар бойы біз оны сездік. Біз білеміз, әсіресе аға буын өкілдері соғыс салған сергелдеңді біледі, - деді облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Айтқазы Шерубаев.  

80 жыл бұрын 1941 жылғы 17 наурызда 238-ші атқыштар дивизиясын құру туралы бұйрыққа қол қойылып, осы дивизияның 830 және 837 атқыштар полктерінің қатары Өскемен, Семей қалалары, Прапорщиков, Уваров ауылдарының әскерге шақырылғандармен толықты. Ұлы Отан соғысы басталысымен дивизия Лениногорск, Шемонаих, Быструх, Секисов және басқа ауылдардың әскерге шақырылушыларымен жасақталды.

238 атқыштар дивизиясы 1941 жылдың қыркүйегінде Мәскеуді қорғауға Батыс майданына жіберілді. Фашистердің жойқын күштеріне қарамастан, 238 дивизия қорғанысты ұстап, шабуылға төтеп берді. Ал, 1941 жылы 6 желтоқсанда Жоғарғы Қолбасшының бұйрығымен бүкіл Батыс майданы шабуылға шықты.

1942 жылғы 3 мамырда КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен фашистік басқыншылармен болған ұрыстарда көрсеткен ерлігі үшін 238 дивизия Қызыл Ту орденімен марапатталып, 30-шы гвардиялық дивизия болып қайта құрылды.

Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында іздестіру жұмыстары барысында жерлесіміз Александр Николаевич Хоботов өзінің алыс туысы Василий Кулькиннің, сондай-ақ ұрыста қаза тапқан 238 атқыштар дивизиясының басқа да сарбаздарының жерленген жерін тапты. Олар Тула облысындағы ауылды қорғап қайтыс болған.

Александр Николаевич Хоботов ерлікпен қаза тапқан сарбаздардың жерленген жерінен әкелген топырақ капсуласын табыстады. Капсуланы капитан Бауыржан Калиев қабылдап, арнайы дайындалған қуысқа салды. Топырақ Шығыс Қазақстан тарихи-өлкетану мұражайының экспозициясына сақтауға берілді. Капсула мен тақтайша «Азия Авто» кәсіпорнында дайындалды.

Іс-шара Отан қорғау кезінде фашистерден қаза тапқан жерлес жауынгерлерді еске алуға бір минут үнсіздік жарияланумен аяқталды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив