KZ
Өскемен
-19°
плотный туман жел 1 м/с, СШ
499.22 519.14 5.64

ШҚО-да Достық үйінің ғимаратына ескерткіш тақта орнатылды

1.03.2020, 12:37 251

Алғыс айту күні мерекесіне орай Өскемендегі Достық үйінің ғимаратына ескерткіш орнатылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Айта кетсек, бұл Достық үйі республикада алышлған алғашқы қоғамдық келісім орталығы болып табылады.

1 наурыз - көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келетін мерекеде Қазақстандағы өзге этнос өкілдері қиын-қыстау кезеңде құшақ жая қарсы алған қазақ халқына алғыс айтады.

Осы мерекеге орай республика аумағында түрлі іс-шаралар өтуде. Өскемен қаласы да мерекені ерекше атап өтіп отыр. Аталмыш шарада Достық үйінің ғимаратына ескерткіш монумент орнатылды.

- Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының туған күні. Барлығымыз оның бір бөлігі болғандықтан, осы күннің маңызы ерекше. 1990 жылдары болашақ Достық үйінің ғимараты жөндеуді қажет етіп тұрған кезде қала тұрғындары, түрлі этнос өкілдері өздерінің қаражатына оны қалыпқа келтірген болатын. Бұл біздің қуатымыздың бірлікте екенінін көрсетті, - деді Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Елдар Төлеубеков.

Шара барысында түрлі ұлт өкілдері қазақ ұлтына өз алғыстарын жолдап, жылы летіздерін білдірді.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу