KZ
Өскемен
-23°
туман жел 1 м/с, С
521.6 534.27 5.25

Тұрғындардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына көңілдері толмайды

27.02.2020, 07:46 92

 

Облыс тұрғындарының мемлекеттік қызмет көрсету сапасына көңілдері толмайды. «Нұр Отан» мемлекеттік қызмет бағыты бойынша кураторы Олег Чернышевтің айтуынша, өткен жылдың қортындысы бойынша қызмет көрсету сапасының рейтингі бірінші орыннан төртіншіге түскен.

Дегенмен қызмет көрсету саласы қағазбастылықтан арылып келе жатқандығын атап өткен жөн. Өткен жылы облыс тұрғындарына 7,9 млн. мемлекеттік қызмет түрі көрсетілсе, оның 7,1 миллионы электрондық форматта жүзеге асырылған. Қызмет көрсетуді электрондық форматқа көшіру мақсатында облыс шеңберінде қызметкерлер мен тұрғындардың қатысумен арналған 700-ден астам оқыту семинарлары мен курстары ұйымдастырылған.

- Өткен жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында осыған қатысы бар барлық мекемелерде 260 тексеру жүргізілген. Нәтижесінде 1062 тәртіп бұзушылық анықталды. Олардың басым бөлігі - қажетсіз құжаттарды сұраумен байланысты. Мұндай жағдайлардың көбі Көкпекті, Шемонайха, Бородулиха аудандары мен Риддер қаласында тіркелген. 52 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды,-дейді Олег Чернышев.

Қызмет көрсету сапасының төмендеуіне қызмет көрсетушілердің салғырттығы мен дөрекілігі, халықтың дұрыс ақпараттандырылмауы, интернеттің әлсіздігенен жиі орын алатын техникалық ақаулар да себеп болған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу