KZ
Өскемен
+11°
небольшая облачность жел 1 м/с, С
504.34 556.34 5.97

Қазақстанда алғаш рет UFC турнирі өтеді

26.02.2020, 07:41 155

Қазақстанда алғаш рет әлемдегі ең танымал UFC (Ultimate Fighting Championship) промоушнінің турнирі өтеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Vesti.kz-тің ақпаратына сүйенсек, турнир 2020 жылы 13 маусымда өтеді. деп жоспарланып отыр. Бұл туралы қазақстандық файтерлер – Шавкат Рахмонов, Жалғас Жұмағұлов пен Ресей атынан шығатын Дамир Исмағұловтың менеджері Саят Әбдірахманов Instagram желісіндегі парақшасында мәлімдеген. 

Еске салайық, UFC-мен келісімшарт жасасқан алғашқы қазақстандық Шавкат Рахмонов болды, ол ұйымдағы дебютін 21 наурызда Лондондағы Fight Night 171 турнирінде өткізбек. Ал Жалғас Жұмағұлов UFC-де өнер көрсететін екінші қазақстандық болмақ. Оның дебюті жазға жоспарланған. 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу