KZ
Өскемен
-8°
туман жел 3 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Қуат Хамитов Ресейдегі кештің басты жекпе-жегінде жеңіліс тапты

25.09.2021, 13:31 284

33 жастағы қазақстандық файтер Қуат "Найман" Хамитов "Пиранья" лақапатымен танымал 28 жастағы ресейлік Мариф Пираевтан жеңіліп қалды, - деп хабарлайды Vesti.kz сайты. 

Бұл айқас Сочиде (Ресей) өткен MC Fight Night турнирінің басты жекпе-жегі болды. 

Жекпе-жек алдында "Найман" еш қиындық көріп тұрмағанын, өйткені бірнеше жылда алғаш рет ұрысқа жарақатсыз келетінін мәлімдеген болатын. 

Жекпе-жек барлық үш раундқа созылды. Нәтижесінде төрешілер бірауыздан жеңісті Пираевқа берді - 30-27, 29-28, 30-27.

Осылайша, Хамитов карьерасында сегізінші рет жеңіліс тапты, алайда оның қоржынында 21 жеңіс, бір тең көрсеткіш бар. Ал Пираев ММА-дегі 27-ші жеңісіне жетті, ол төрт рет жеңілген, бір рет тең түскен. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу