Чикаго немесе Қазақстан: Головкин-Шермета жекпе-жегі қайда өтеді?
Головкин мен Шермета арасындағы жекпе-жек Қазақстанда өтуі мүмкін, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Дереккөздің ақпаратына сүйенсек, бұл туралы инсайдер Майк Коппинджер (The Athletic) мәлімдеген. Жекпе-жектің 11 сәуірде өтеді анық. Алайда қайда өтетіні әзірше белгісіз. Коппинджердің айтуынша, таңдау Чикагодағы (АҚШ) мен Қазақстан арасында тұр.
Еске салсақ, Головкин өткен жылы Нью-Йоркте (АҚШ) украиналық Сергей Деревянченконы жеңіп, IBF және IBO титулдарын иеленді. Сол кеште Шеремета мексикалық Оскар Кортесті екінші раундта нокаутқа түсірген еді. Бұл поляк боксшысының АҚШ-тағы алғашқы жекпе-жегі болатын.