KZ
Өскемен
-4°
туман жел 1 м/с, С
513 541.16 4.69

Өскеменде "Халыққа жақын бол" акциясы өтті

22.02.2020, 19:39 155

"Халыққа жақын бол" акциясы аясында Өскемен қаласының №3 ХҚКО-да ШҚО бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" филиалының директоры Азамат Есембулов кездесу өткізді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Акцияның мақсаты - халықтың пікірін білу, фронт-офистерінің жұмысымен, мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтердің сапасымен байланысты сұрақтарға жауап беру.

- "Әр жұмыстың көрсеткішін жақсарту үшін басшы тек кабинеттен ғана қадағаламай, жұмыстың қайнап жатқан «алаңнан» көру керек. - Сондықтан "Халыққа жақын бол" акциясы аясында басшылық құрам "фронт-офистерге" жұмыс істеуге шықты. Бұл қызмет алушылармен кері байланыс алуға көмектеседі, - дейді филиал директоры.

Азамат Есембуловтың айтуынша, басшының өзі қызмет көрсетіп, egovmobile қосымшасын үйретіп жатқанына қызмет алушылар таң қалып жатады.  Көптеген адамдар ұялады, кейбіреуі күлсе, ал біреулер достарына көрсету үшін фото жасауды сұрайды.

Жалпы Шығыс Қазақстанда мемлекеттік корпорацияның 27 фронт – офисі (ХҚКО) жұмыс істейді екен. 2019 жылы ШҚО бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы 1,5 миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсетті, оның 900 мыңнан астамы - өзіне-өзі қызмет көрсету секторларында көрсетілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15% - ға артық.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу