KZ
Өскемен
-19°
плотный туман Штиль
503.17 600.89 6.63

Агросектор – ШҚО экономикасының тірегі: жылдық өнім 554,6 млрд теңге

Кеше, 17:30 91 Төлеуғазы Жансая

Шығыс Қазақстан облысында 2025 жылы ауыл шаруашылығы өңір экономикасын өсуін қамтамасыз еткен негізгі салалардың біріне айналды. Жыл қорытындысы бойынша агросекторда өндірілген жалпы өнім көлемі 554,6 млрд теңгеден асты. Бұл туралы облыс әкімдігінің отырысында айтылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Жиында өңірдің 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және 2026 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған міндеттер қаралды. Күн тәртібіндегі негізгі тақырыптардың бірі ауыл шаруашылығы саласының дамуы болды.

Жыл қорытындысы бойынша аймақтағы ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 554,6 млрд теңгені құрап, өсім 106,6% деңгейінде тіркелді.

Өнім көлемі сала бойынша келесідей:

өсімдік шаруашылығы – 282,9 млрд теңге,

мал шаруашылығы – 271,6 млрд теңге

Ауыл шаруашылығы өнімінің артуы облыстың тоғыз өңірінде байқалды. Атап айтқанда, Өскемен қаласы, Тарбағатай, Күршім, Катонқарағай, Самар, Марқакөл, Глубокое, Шемонаиха және Алтай аудандары өсім көрсетті.

Дегенмен, кей өңірлерде көрсеткіш төмендеген. Төрт жерде өнім көлемі азайғаны тіркелді: Риддер қаласы, Ұлан, Зайсан және Үлкен Нарын аудандары.

Агросектордағы бұл нәтижелер өңірдің жалпы даму көрсеткіштеріне әсер етіп, 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығына арналған жоспарларды қалыптастыру кезінде ескерілетін болады.


Дамир Омаров

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу