ШҚО-да қабір қазуға кеткен ер адам өлі табылды
36 жастағы ауыл тұрғыны жұмбақ жағдайда із-түссіз жоғалып кеткені туралы жазған едік. Қабір қазуға кеткен ер адам өлі табылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Бұл туралы ақпаратты Volontery_semey_LIDER.KZ тобы таратып отыр.
Оқиға 7 ақпанда болған. Семейге қарасты Бөкенші ауылының 36 жастағы тұрғыны Асқат Әлжанов қабір қазуға көмектесу үшін зиратқа кеткен. Сол күннен бері із-түссіз ғайып болады.
Туыстары 10 ақпанда оған іздеу салады. Бірнеше күннен кейін ер адамның мәйіті үйіне жақын маңнан табылыпты. Алдын ала болжам бойынша, ол далада үсіп қалған.
Оқи отырыңыз