KZ
Өскемен
+8°
переменная облачность Штиль
478.93 534.96 5.16

ШҚО-да қабір қазуға кеткен ер адам жоғалды

14.02.2020, 05:53 131

36 жастағы ауыл тұрғыны жұмбақ жағдайда із-түссіз жоғалып кетті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл туралы ақпаратты Volontery_semey_LIDER.KZ тобы таратып отыр.

Оқиға осыдан бір апта бұрын 7 ақпанда болған. Семейге қарасты Бөкенші ауылының 36 жастағы тұрғыны Асқат Әлжанов қабір қазуға көмектесу үшін зиратқа кеткен. Сол күннен бері із-түссіз ғайып болды.

Ерекше белгілері: дене бітімі арықша келген, қара торы, қара шашты, қолында татуировка бар, бір тісі алтынмен қапталған. Үстіне киген киімі: қоңыр түсті тон, қара түсті қыстық резеңке етік, сұр түсті тоқылған қалпақ.

Асқат Әлжанов туралы қандай да ақпараттарыңыз болса, 8-747-349-57-17, 8-771-205-31-90, 102 нөмірлеріне хабар берулеріңізді сұраймыз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив