KZ
Өскемен
+17°
пасмурно жел 2,6 м/с, Ю
441.66 475.14 4.86

Семейде самбо күресінен жасөспірімдер арасында ШҚО чемпионаты өтті

19.02.2020, 03:42 122

Жақсылық Үшкемпіров атындағы Семей спорт академиясында самбо күресінен 2004-2005 жылы туған кіші жасөспірімдер және 2002-2003 жылы туған жасөспірімдер арасында Шығыс Қазақстан облысының чемпионаты өтті, деп хабарлайды академияның баспасөз қызметі.

Бұл жарыстың аталған жылы туған жасөспірімдер үшін маңызы зор. Өйткені кіші жасөспірімдер және жасөспірімдер арасында самбо күресінен биыл бірнеше байрақты бәсекелер өтеді. Мәселен, 2004-2005 жылы туған кіші жасөспірімдер облыстан бірінші және екінші орын алса, наурыз айының 26-29 күндері Орал қаласында өтетін республикалық турнирде бақ сынайды. Оралда бағы жанғандар қыркүйек айынының 13-20 күндері Моңғолияның астанасы Ұлан-Батырда өтетін «Азия балалары» халықаралық ойындарында ел намысын қорғайды.

Ал 2002-2003 жылы туған жасөспірімдер облыстан бірінші және екінші орын алса, сәуірдің 8-12 күндері Петропавлда өтетін ел чемпионатына қатысады. Ел чемпионатында топ жарғандар қазан айында Сербияның Нови-Сад қаласындағы әлем чемпионатына жолдама алады.

Айта кетейік, аталған жарысқа жиыны 150-дің үстінде ұлдар мен қыздар 10 салмақта өнер көрсетті. Үржар, Көкпекті, Шемонайха аудандары мен Курчатов қаласының балғын балуандары да бұл жарыстың көрігін қыздырды.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив