KZ
Өскемен
+23°
облачно с прояснениями жел 9 м/с, ОБ
441.66 475.14 4.86

Семейдің спортшылары Үндістанда қос "алтынға" қол жеткізді

16.09.2019, 10:53 209

Үндістанның Нью-Дели қаласында самбо күресінен жасөспірімдер, жастар арасында және ерлер мен әйелдер арасында жауынгерлік самбодан Азия чемпионаты аяқталды.

Чемпионат 12-16 қыркүйек күндері өтті. Жарысқа 21 мемлекеттен келген 300-ден аса спортшы Үндістанда бақтарын сынап, баптарын байқады. Бұл байрақты бәсекеде Қазақстан құрама командасынан 30-ға жуық самбошы қатысқан болатын. Отызға тарта оғланның ішінде Семей спорт академиясының үш спортшысы ұлттық құрама сапында ел намысын қорғады.

Жасөспірімдер арасында сынға түскен Есентай Имаханов 60 кг чемпион атанса, ересектер арасында Руслан Жарқымбаев 82 кг алтын алды. 74 кг белдескен Шалқыбек Рахметоллаев үздік бестікке кірді. Спорт академиясының бапкері Біржан Имаханов Азия чемпионатында төрешілік жасап, «үздік төреші» дипломымен марапатталды. Айта кетейік, біздің спортшыларды Үнді еліне Қайрат Күнсафин мен Біржан Имаханов баптап апарған болатын. Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы 13 алтын, 7 күміс, 1 қола медальмен аяқтады.

Семей спорт академиясының баспасөз қызметі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив