Өскеменде ер адам моншада өртеніп кетті
Кеше Кожедуба көшесіндегі жер үйлердің бірінің ауласында өрт шығып, ер адам қаза болды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Өрт сағат 17.00 шамасында жер үйдің ауласындағы моншада болған. Жалпы аумағы 18 шаршы метрді құрап отыр.
Өрт сөндіру барысында моншадан ер адамның өртеніп кеткен мәйіті табылды. Оның 43 жастағы қала тұрғыны екені анықталды.
Моншада одан бөлек 38 жастағы әйел адам да болыпты. Өрт басталғанда ол моншадан шығып үлгерген. Бетін I-II деңгейдегі күйік шалған. Қазір әйел мамандандырылған облыстық ауруханада жатыр.