ҚМДБ ертең жұма намазы қай өңірлерде оқылатынын айтты
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ертең, 27 тамыз жұма намазы қай өңірлерде оқылатынын хабарлады.
"Елімізде пандемия жағдайына байланысты жергілікті бас санитар дәрігердің қаулысына сәйкес, республиканың кей өңірлерінде жұма намазы уақытша тоқтап тұр. Әйтсе де бұл Қазақстанның ешбір аймағында жұма намазы атқарылмай жүр дегенді білдірмейді", - деп жазды ҚМДБ сайты.
Мүфтияттың ақпаратынша, діни басқармаға қарасты 19 өкілдік болса, соның тек бесеуінде ғана жұма намазын оқу уақытша тоқтатылған. Ал қалған өңірлерде жұма намазы мешіт ауласында атқарылып келеді.
Сондай-ақ елімізде карантин күшейтілген күндердің өзінде жұма, жамағат намаздары оқылмай қалса да, мешіттерде бес уақыт намазға азан айту үзілген емес, деп атап өтті ҚМДБ.
27 тамыздағы жұма намазы
· Нұр-Сұлтан қаласы – оқылмайды
· Алматы қаласы – оқылмайды
· Шымкент қаласы – оқылмайды
· Алматы өңірі – мешіт ауласында оқылады
· Шығыс Қазақстан облысы – мешіт ауласында оқылады
· Қарағанды облысы – оқылмайды
· Атырау облысы – мешіт ауласында оқылады
· Солтүстік Қазақстан облысы – мешіт ауласында оқылады
· Ақмола облысы – мешіт ауласында оқылады
· Ақтөбе облысы – мешіт ауласында оқылады
· Батыс Қазақстан облысы – оқылады
· Маңғыстау облысы – мешіт ауласында оқылады
· Түркістан облысы – мешіт ауласында оқылады
· Павлодар облысы – мешіт ауласында оқылады
· Семей өңірі – мешіт ауласында оқылады
· Талдықорған өңірі – мешіт ауласында оқылады
· Қызылорда облысы – мешіт ауласында оқылады
· Жамбыл облысы – оқылмайды
· Қостанай облысы – мешіт ауласында оқылады.
Діни басқарма мешітке баратын жамағаттан бетперде тағуды, антисептик пайдалануды және пандемияға байланысты бекітілген ережелерге түсіністікпен қарауды сұрады.