36 сағаттан артық жұмыс істемеуге тиіс – Мүгедектерге жасалған жеңілдіктер жайлы
Республикада мүгедек статусын алғандар әуе және теміржол билеттерін жеңілдікпен алады. Олардың заң жүзінде құқықтары тегін қорғалады. Сондай-ақ салықтың бірнеше түрінен босатылған...
Табыс салығы бойынша 1, 2, 3-топтағы мүгедектерге, мүгедек балаларға және олардың ата-аналарының біреуіне немесе асыраушысына (мүгедек бала 18 жасқа толғанша немесе өмір бойы) жеңілдік қарастырылған.
Бұл туралы Салық кодексінің 156-бап, 1-тармақ, 13, 13-2-тармақшаларында жазылған.
Көлік салығынан барлық топтағы мүгедектер босатылған. Бұл туралы Салық кодексінің 356-бап, 3, 5, 6, 7, 8-тармақтарында көрсетілген.
Жер салығынан барлық топтағы мүгедектер мен туасы мүгедек баланың ата-анасының біреуі босатылады. Бұл туралы Салық кодексінің 373-бап, 3-тармақ, 4-тармақшасында көрсетілген.
Аталған азаматтар төмендегі жерлерге салық төлемейді:
- баспана қоры салынған жер телімі
- үй маңындағы жер телімі
- гараж тұрған жер
- жеке шаруашылығын жүргізуге бөлінген жер телімі
Мүлік салығы бойынша 1, 2-топтағы мүгедектердің мүлкітерінің белгілі мөлшерін төлейді.
1, 2-топтағы мүгедектер аптасына 36 сағаттан артық жұмыс істемеуге тиіс. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы кем дегенде 6 күн қосылып берілуі керек. Бұл туралы Еңбек кодексінің 69-бап, 3-тармақ; 89-бап, 1-тармақ, 2-тармақшасында жазылған.
Сондай-ақ барлық топтағы мүгедектерге сот процесінде, жеке бас құжаттарына байланысты істерде, нотариалды жұмыстарда, азаматтық хал-актісін тіркеуде жеңілдіктерге ие болуға тиіс. Мүгедек баланы бағып отырған жалғызбасты ананы жұмыстан қысқартуға болмайды (Еңбек кодексінің 54-бап, 2-тармағы).