ШҚО-да төрт бағытта жол жабық
Бүгін ШҚО-да бірнеше аудан мен қалаға баратын жол жоқ. Қазгидрометтің хабарлауынша, кей жерлерде қар аралас жаңбыр жауып, тұман түседі. Желдің жылдамдығы секундына 23-28 метр.
- Тұрғындарға алыс жолға шықпауды ескертеміз. Дәл қазір 4 бағытта жол жабық: Қалбатау - Қасым Қайсенов, Өскемен - Семей, Семей - Павлодар, Семей - Қалбатау, - деп жазылған ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті таратқан ақпаратта.
Сондай-ақ, синоптиктердің болжауынша, ауа температурасының төмендеуінен таулы аймақтарда қар көшуі мүмкін.