"1616". Семей тұрғыны шетелдік көлігін тіркетіп, жаңа нөмір алды
Семейде де шетелдік көліктерге алғашқы «сары нөмірлер» беріле бастады.
«Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының ШҚО бойынша филиалының мәліметінше, бірінші тіркелген Lada Vesta көлігінің иесі – Сайрамгүл Қарабиева.
«Көлікті 2018 жылы Ресейден алып келгенбіз. Уақытша тіркеуге қоюға шешім қабылдадық. Құжаттарды маманға бергеннен кейін жарты сағат уақытта жұмысымызды бітірдік», – деді көлік иесі.
Көлік иесі мәшинесіне «1616» деген нөмір алған.
Айта кетейік, Президент 1 наурызға дейін шетелдік көліктерді тіркетуге немесе сатып алған еліне қайта өткізуге тапсырма берген болатын. Сондықтан аймақтағы барлық «АвтоЦОН» мен халыққа қызмет көрсету орталықтары айдың соңына дейін демалыссыз жұмыс істейтінін мәлімдеген.