KZ
Өскемен
-9°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

ШҚО-да шетелдік көлікке алғашқы "сары нөмір" берілді

8.02.2020, 06:23 209

 

ШҚО-да Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің көліктеріне алғашқы «сары нөмірлер» беріле бастады.

«Азаматтарға арналған үкімет» филиалының баспасөз хатшысы Мөлдір Зәруетқызының айтуынша, алғашқы көлік кеше, 7 ақпан күні Өскеменде тіркелген.

– «АвтоЦОН» мен халыққа қызмет көрсету орталықтары айдың аяғына дейін жүргізушілерге демалыссыз кеңес береді. Қазіргі уақытта кеңес алуға 60-тан астам тұрғын келді. Шетелден әкелген көлікті тіркеу үшін жеке бас куәлігі, көліктің бұрынғы мемлекеттік нөмірі, көліктің иесі екенін айғақтайтын құжаттар, алғашқы тіркеу ақысын төлегенін растайтын түбіртек болу керек, – деді баспасөз қызметкері.

Сонымен, Өскеменде алғашқы болып шетелдік көлігін тіркеген азамат – Анатолий Тернопольский. Ол “Renault LOGAN” маркалы мәшинесін 2018 жылы Ресейден сатып алып келген.

Еске салайық, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 1 наурызға дейін шетелдік көліктерді тіркетуге, не болмаса алып келген еліне қайта өткізуге өкім еткен болатын.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу