KZ
Өскемен
-1°
пасмурно Штиль
494.87 520.65 4.91

ШҚО полиция департаменті басшысының орынбасары студенттерге ашық сабақ өткізді

7.02.2020, 05:10 302

Облыстың полициясы мен Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚМУ арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында полиция подполковнигі Елдос Закимов экономика және құқық факультетінің студенттерімен сабақ өткізді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Құқыққорғау органдарына тікелей қатысы бар мамандықты таңдаған студенттер қазіргі заман полициясының жұмысы туралы дәріс алып отыр.

ШҚО ПД басшысының орынбасары Елдос Закимов студенттерге өзі жетекшілік ететін тергеу бөлімдерінің қызметі жайлы айтып берді. Тергеушінің жұмысындағы заманауи үрдістеріне, әсіресе, цифровизацияның енгізілуіне ерекше тоқталып өтті. Болашақ заңгерлер қылмыстық істердің электронды форматта қалай өтетінін көріп, танысты.

Сондай-ақ, Елдос Закимов "Е-қылмыстық іс" жобасының артықшылақтары жайлы сөз қозғады. Мемлекеттік органдар базасымен бірігудің арқасында тергеуші  тергеуге қажетті мәліметтерді мемлекеттік органдардан алуға уақытын жібермейтін болды. Бұл жаңа жоба сыбайлас жемқорлық тәуекелін айтарлықтай төмендетіп, тергеу барысын бақылаушы органдар мен тергеу бөлімдерінің басшыларына бақылауға мүмкіндік береді екен.

Дәріс барысында студенттер тәжірибелі тергеушіден қылмыстық істердің тергеу амалдарын жүргізу процессі толығымен қалай өтетіні жайлы естіп білді: жәбірленушіден арыз қабылданған сәттен бастап қылмыстық істі сотқа бергенге дейін.

Ашық сабақ соңында олар өзін толғандырған сауалдарға білікті маманнан жауап алды.

Елдос Закимовтың айтуынша, аймақтағы жетекші ЖОО-лармен заңгерлерді даярлау бойынша жасасқан меморандум аясында жұмыстар жалғасын табады. Полицейлер студенттердің оқу процессінің барлық кезеңінде білім мен тәжірибелі дағды алуына қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу