Көпбалалы аналар 30 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысымен танысты – Үржар (ВИДЕО)
Үржардағы көпбалалы аналар 30 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысымен танысты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Естеріңізде болса, осыдан бірер күн бұрын аудан орталығындағы сапасы сын көтермейтін көпқабатты үй жайлы жазған едік. Облыс әкімінің қатаң сынына ұшыраған үйдің комиссия мүшелігіне көпбалалы аналар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар кірді. Яғни салынып жатқан пәтерлердің болашақ қожайындары.
- Барлық айтылған сын ескертпелерді ескеріп, кемшіліктерді түзейміз, - дейді мердігер компания «Plaza Construction» ЖШС-нің өкілі Данияр Құрманбекұлы.
Ал аналарға берілген уәденің орындалатынына үміт артудан басқа амал жоқ.
Ал, аналар болса, берілген уәделердің орындалатынына сенеді.