KZ
Өскемен
-23°
плотный туман Штиль
521.6 534.27 5.25

ШҚО-ның ең үздік әскери аспазы кім?

6.02.2020, 06:26 96

Иә, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскери аспазшылар үшін байқау ұйымдастырды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Байқау екі кезең бойынша өрбіді. Аспаздар бірінші кезеңде отқа піскен тағам әзірлесе, екінші кезеңде пешке нан пісірді. Осылайша 15 команда тартысты бәсеке өткізді. Төрт жүз аспаздың ішінен іріктелген жеті аспаз жуықта халықаралық байқауға қатысады.

-        Әскери қызметкерлер үшін дәмді тағам әзірлеп жүрген аспазшылардың еңбегі өте зор. Сондықтан осындай байқауға келіп, өз бақтарын сынап жатқан аспазшыларға алғысымыз шексіз, - дейді «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы басшысының орынбасары Қуаныш Байтеміров.

Сайыс қорытындысы бойынша, №32388, №27943 ә/б үздік деп танылды.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу