KZ
Өскемен
-10°
переменная облачность жел 3 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Өскеменде пәтер бағасы 3,8 пайызға өсті

31.01.2020, 05:23 211

Қаңтар айында Қазақстанның 15 қаласында пәтер қымбаттаған. Баспана бағасының өсуі бойынша Өскемен және Семей қалалары көш бастап тұр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Krisha.kz-тің мәлімдеуінше, елімізде пәтер бағасы орташа есеппен 1,7 пайызға өскен. Сарапшылардың айтуына қарағанда, қаңтарда орташа есеппен пәтердің шаршы метрі 214 875 теңгеге жеткен. Бұл желтоқсандағы көрсеткішпен салыстырғанда 4 пайызға көп.

«Өскеменде  пәтер бағасы 3,8 пайызға өсіп, шаршы метрі 225 375 теңгеге жеткен. Семейде пәтер 3,2 пайызға қымбаттап, шаршы метрінің бағасы 190 178 теңге болды», – деп жазылған сарапшылардың зерттеуінде.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу