Өскеменде электронды билеттеу жүйесі әлі қосылмайды
Өскеменнің қоғамдық көліктерінде электронды билеттеу жүйесі енгізілетіні туралы жазған едік. Алайда оны енгізу уақыты алға шегеріліп келеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Өткен жылдың осңында алдымен қалалық трамвайларға валидатор орнатылатыны айтылған еді. Бірақ бұл процесс біраз уақытқа созылатын көрінеді.
- Қазіргі таңда басқару орталығын жабдықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мердігерлер қажетті құрал-жабдықтарды жеткізгеннен кейін олар қоғамдық көліктерде орнатылады. Бұл жұмыстар 2020 жылдың төртінші тоқсанында аяқталады деп жсопарланған, - дейді қала әкімінің орынбасары Тамара Рахимжанова.
Оқи отырыңыз