Өскемендіктер автобустардағы электронды билетке қашан көшеді?
Өскемендегі қоғамдық көліктерге электронды билет жүйесін енгізу жұмыстары басталып кетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Көлік басқармасының мәлімдеуінше, қаңтар айынан бастап қала бойынша арнайы серверлер орнатылып, шеф-монтаж, яғни орнату жұмыстарына дайындық жүргізілуде. Құрылғыны қоғамдық көліктерге көктемде орната бастайды. 2020 жылдың соңына дейін барлық жүйе істеп тұруы тиіс.
Жұмыстар "IBA-Қазақстан" ЖШС-мен мемлекеттік-жекеменшік серіктестік шарты бойынша жүргізілуде.
Сонымен қатар, Семейдегі электрондық билеттеу жүйесі 20 қаңтардан бастап толығымен іске қосылды. Ұялы телефондағы қосымшаның көмегімен немесе картамен валидатор арқылы есептесуге болады, сонда жол жүру – 80 теңге. Мұндай мүмкіндік болмаса, жол ақысы – 160 теңгеге шықпақ, себебі сараланған тариф орнатылған.
Әділ Әуезхан