KZ
Өскемен
-5°
небольшая облачность жел 2 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Семей полигоны туралы жаңа роман жарық көрді

21.01.2020, 09:38 286

Семей полигоны туралы жаңа роман жарық көрді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі

Жазушы Сәуле Досжанның «Қасірет пен Тағдыр» атты кітабы оқырманға жол тартты. Көркем шығармада атом бомбасы сынағынан жапа шеккен Семей тұрғындарының қасіреті баяндалады. Биыл полигонның жабылғанына 30 жыл екенін естеріңізге саламыз.

– Кітапты жазуға үш жылдай уақытым кетті. Халықпен сұхбаттасу кезінде сол өңірде "Қайнар синдромы" деген ауру белгілегенін білдім. Ғалымдардың пайымдауынша, бұл ауру ұрпақтан-ұрпаққа 300 жылға дейін жалғасатын көрінеді. Семей халқына шығарманы таныстырған кезде олардан тағы көптеген дерек жинадым, мүмкін алдағы уақытта кітаптың жалғасы болып та қалуы мүмкін, - дейді автор.

Кітап алғашында "Қазақ университеті" баспасына беріліп, кейін ШҚО әкімдігінің қолдауымен "Фолиантта" басылып шыққан екенғ. Сондай-ақ орыс тіліне де аударылып басылған, қазір Англияда ағылшын тіліне аударылып жатқан көрінеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу