KZ
Өскемен
-2°
ясно жел 1 м/с, С
480.61 534.53 5.28

Қазақстанда қант қымбаттауы мүмкін – Energyprom

20.01.2020, 11:02 191

Қазақстанда қант қымббаттауы мүмкін, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Energyprom сарапшыларының айтуынша, елімізде қант бағасы бір тоқсанда 13%-ға көтерілген.  

– Бұл отандық өндіріс үшін оң көрсеткіш емес, – дейді Қазақстандық қант, азық-түлік және қайта өңдеу өнеркәсібі қауымдастығы.

2019 жылы 11 айда 225,4 мың тонна қант өндірілген. Бұл 2018 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда бар болғаны 0,7% артық. Дереккөздің мәліметінше, елімізде қант шығаратын 7 зауыт бар, оның тек үшеуі жұмыс істеп тұр. Қалғандарына жөндеу жұмыстарын жүргізу керек. Ал Қазақстанның Ресей және Беларусьтегі қант өндірісімен бәсекелесуі қиын. 2010-2012 жылдары ресейліктер демпинг арқылы отандық өнімдерді ығыстырып, кейін бағаны шарықтатып жіберген болатын.

Қауымдастық өкілдері осындай жағдай қайталана ма деп күдіктеніп отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив