Тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын – 11 қаңтар
![](/kz/uploads/posts/iblock/c61/c61e599567e32b85b139b5eb707b349b.jpg)
11 қаңтар күні республиканың барлық аймақтарында тұман түседі, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
«Қазгидромет» РМК ақпараты бойынша, алдағы тәулікте республика аумағында ауа райында ерекше өзгерістер күтілмейді. Атмсофералық бағыттардың әсерінен кей жерлерде қар жауады.
Алматы облысында, әсіресе Алакөл аумағына қарай қатты жел соғады, таңғы және т.нгі уақытта тұман түседі. Жамбыл облысында тұман, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады. Түркістан облысында тқман түседі, көктайғақ болады жіне желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді деп болжануда.
Маңғыстау, Атырау облыстарында – тұман мен көктайғақ. Солтүстік-Қазақстан, Ақмола, Батыс-Қазақстан, Қызылорда, Қостанай, Палодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман түседі.