Өскеменде тағы да үй өртенді
Өскеменде тағы да өрт шықты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі. Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар қызметі мәлімдеді.
Оқиға 6 қаңтар күні түнде Крайняя көшесінің бойындағы жер үйлердің бірінде болған. Үй иесінің жеке заттары мен жиһаздары жанып кеткен. Жалынның жалпы ауданы 15 шаршы метр. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Әзірше өрттің шығу себептері анықталуда.
Оқи отырыңыз